Жаңалықтар тізбегі
0

Коммунист рөлінде жүрген Айқын Қоңыров азық-түлікті купонмен таратқысы келеді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 18:06 видеодан кадр
Коммунистік партияның өкілі келмеске кеткен Кеңес заманын сағынды ма?

Халыққа азық-түлікті бұрынғыдай талонмен тарату керек. Премьер-министрге депутаттық сауалын жолдаған мәжілісмен Айқын Қоңыров осындай ұсыныс айтты. Базардағы бағаға шүйліккен ол, кеңес үкіметіндегі купондық төлемнің артықшылықтарын жіпке тізіп берді. Алайда мұндай жүйені көз көргендер қолдаудан бас тартып отыр. Неге? Ал экономистер қандай уәж айтты?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тапқан табысы ішіп-жемнен артылмайтын халықтың базардағы бағаға тәуелді екені рас. Жыл басынан бері қазақстандықтар жалақысының 60 процентіне жуығын азық-түлікке жұмсапты. Жо-жоқ, бұл жұрт тәбетінің жақсарғаны емес, сөредегі бағаның қымбаттағаны. Сандар бүй дейді.

Биыл азық-түлік бағасы былтырғымен салыстырғанда бірден 10 процентке қымбаттапты. Әсіресе, халық күнделікті тұтынып жүрген тауарлардың құны күрт артқан. Нан өнімдері - 14, ұн - 22, дәнді-дақылдар - 33,картоп - 26, жұмыртқа - 14, ал майдың бағасы - 15 процентке қымбаттаған екен.

Осыны депутаттық сауалында тілге тиек еткен депутат Айқын Қоңыров келесідей ұсынысын жеткізді. Мәжілісменнің сөзінше, халыққа азық-түлікті талонмен тарату сөредегі қымбатшылықтың алдын-алады-мыс.

Айқын Қоңыров, ҚР Мәжіліс депутаты:

"Халықтың денсаулығына қауіп төніп тұрған уақытта, азық-түлік бағасының артқаны ақылға қонымсыз. Халыққа қазір дұрыс тамақтану керек. Ал айлығы шайлығынан артылмайтын жұрт, пайдалы тамақты қайдан жесін? Сондықтан коммунистік партия бұрынғыдай купондық төлем жүйесін енгізу керек деп есептейді."

Иә, Коммунистік партияның өкілі келмеске кеткен Кеңес заманын сағынды ма, азық-түлікті жұртқа бұрынғыдай талонмен тарату керек деген пікірде. Алайда, сол кездерді көз көргендер депуттатың бұл бастамасына жылы шырай танытпады. Соғыс, дағдарыс кезінде жоқшылықтан қолданған жүйеге жұрт бейбіт заманда неге қайта оралуы керек дейді.

Жарықгүл Құрманбаева, зейнеткер:

"Соғыс кезінде мына карточный жүйе болды. ендің ол кезде түсінікті ғой, соғыс болды, халықтың халу нашар болды, Үкімет қамтамасыз ете алмады. Ал енді дәл қазір дәл бізде қазір жағдай жақсы. Біз енді балаларымыздың болашағы жарқын болады деп елестетеміз. Енді қазіргі уақытқа талонға көшіп, артқа қайтуымыз дұрыс емес деп есептеймін".

Экономистер де депутат Айқын Қоңыровтың ұсынысы ақылға қонымсыз деген ойын жеткізді. Ал айлығы шайлығынан артылмайтын халықтың жағдайын жақсыртатындай келесідей бастама көтерген әлдеқайда дұрыс дейді.

Сапарбай Жұбаев, экономист:

"Коммунистердің ұсынысындай халықтың бәрін теңестіріп емес, көп айлық алатын коммунист депутаттарымыздың салығын 20-25 пайызға көбейту керек. Сонда бюджеттің ақшасы көбейеді де, мұқтаж адамдарға көмек көбейіп, олардың сатып алу қабілеті жоғарылап, азық-түлікке ақша жететін болады".

Қалай болғанда да, коммунистер партиясының айтқан ұсынысы әлі тек сөз жүзіндегі бастама ғана. Ал оның заңды күшіне енетіні я енбейтінін халық алдағы уақытта көре жатар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: