Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтардан жер бауырлап жүрген жапалақтың балаларына тиіспеу сұралды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2020 21:47 видеодан алынды
Егер "жоғалған жапалақты" алып кеткен болсаңыз, оны тезірек тура сол тауып алған жеріңізге қайтадан апарып тастағаныңыз дұрыс.

Алматы хайуанаттар бағы ауласында немесе көшеде жер бауырлап жүрген кішкентай үкінің баласын көрсеңіздер,оған тиіспеңіздер деген құлақтандыру таратып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, қазір тауда және Алматы аумағында өмір сүретін жапалақтар балалап, балапан шығарып, кішкентайларын ересек өмірге үйретіп жатыр.

"Құрметті достар! Естеріңізге сақтаңыздар! Сіздер осы жыл мезгілінде кездестірген жол бойынан немесе аулада жер бауырлап жүрген сүп-сүйкімді, қауырсындары үлпілдек, көзі бақырайған кішкентай жапалақтарды көріп, "ұяларынан құлап, жоғалып кеткен" деп ойласаңыздар, қателесесіздер!
Әдетте, маубас жапалақтардың балапандары осындай кезеңде өз ұяларын тастап шығады. Олар жер бетімен ары бері жүгіріп, ағаштарға өрмелеп, бірте-бірте бұтақтан бұтаққа секіруді үйреніп, қанаттарын қатайта бастайды. Өздігінен тамақ тауып жей алмайтын болғандықтан, оларды ата-аналары ұзақ уақыт асырайды. Егер Сіз, өзіңізге таңқалып қарап тұрған жапалақтың кішкентай балапанын көріп қалсаңыз – тиіспеңіз. Ол жалғыз емес! Оның ата-анасы жақын маңда адамдардан жасырынып, балапанын қадағалап жүр. Олар өз балапанын адамдардың алып кеткенін қаламайды", деп жазды хайуанттар бағының әкімшілігі.

Алматылықтардан жапалақтың баласын үйіне алып кетпеу сұралады.

"Кішкентай, үлпілдек жапалақ балапанын қорғансыз екен деп өзіңізбен алып кетпеңіз. Оған ұзақ та бақытты тіршілік етуіне мүмкіндік беріңіз.
Егер "жоғалған жапалақты" алып кеткен болсаңыз, оны тезірек тура сол тауып алған жеріңізге қайтадан апарып тастағаныңыз дұрыс.
Бір тәулік ішінде немесе екі күннің ішінде тауып алған жеріне қайтармасаңыздар, ол балапанның ата-анасы басқа жапалақтармен бірге мекенін ауыстырып, алысқа ұзап кетеді", делінген құлақтандыруда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: