Таиландта жүрген ресейлік кенеттен жансақтау бөліміне түсті - жақындары науқасты отанына қайтара алмай отыр
Фото: pexels
Mash басылымының жазуынша, дәл осы оқиғадан кейін ер адам кенеттен жансақтау бөліміне түскен.
Пхукет аралында ол тізерлеп отырып, сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Әйел "иә" деп жауап берген сәтте, ер адам есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.
Ауруханада дәрігерлер оның миынан ісік анықтап, шұғыл ота жасағаннан кейін жасанды комаға енгізген.
Қазір отбасы оны Ресейге жеткізе алмай отыр. Туристің сүйіктісі Екатерина емделуге барлық жинаған қаражатын – 3 миллион рубльді жұмсаған, алайда бұл сома медициналық эвакуация жасауға жеткіліксіз.
Сонымен қатар, жергілікті шектеулер де кедергі келтіруде: Тайландта жүрген кезде көлікті сату немесе онлайн несие рәсімдеу мүмкін емес.
Бұған дейін Венесуэланың мұнай қоры әлеммен салыстырғанда қандай деңгейде екенін жазғанбыз.