Жапонияда телеарна режиссерінің ұсталуына байланысты үлкен жанжал шықты

Жапонияда телеарна режиссерінің ұсталуына байланысты үлкен жанжал шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 12:13 Сурет: freepik
Токио полициясы жапондық қоғамдық телерадио корпорациясының режиссерін бойжеткенге жыныстық сипаттағы шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Japan Times басылымының Токио полиция басқармасы мен Сибуя полиция бөлімі деректеріне сілтеме жасап жазуынша, күдікті – NHK телерадиокомпаниясының спорт жаңалықтары бағдарламаларының бас режиссері Кэнсукэ Накамото.

Накамото өзіне тағылған айыптарды ішінара жоққа шығарып, бойжеткеннің қолынан ұстап, қорқытпағанын мәлімдеген.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 20 жастағы қызды Сибуя ауданында көшеде келе жатқан жерінен жақын маңдағы көпқабатты ғимаратқа ертіп кіргізіп, 4 қаңтар күні сағат 14:15 шамасында оған шабуыл жасаған.

Күдіктінің смартфонынан оның басқа әйелдерге де қатысты әдепсіз әрекеттер жасап жатқанын көрсететін бейнежазбалар мен фотосуреттер табылған. Қазіргі уақытта полиция бұл іс бойынша жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр.

NHK компаниясы таратқан мәлімдемеде қызметкердің ұсталғаны үлкен өкініш туғызатыны айтылған. Телеарна жәбірленушіден және көрермендерден кешірім сұрады.

Бұған дейін Үндістанда бұрын сотты болған ер адам 16 жасар жасөспірімді балғамен ұрып өлтіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: