Әзірбайжанда қарындасын сұлулық салонына барғаны үшін пышақтаған ер адамға үкім кесілді
Сурет: pixabay
Әзербайжанда қарындасын пышақтап жарақаттады деп айыпталған Мұхаммед Исмайыловке қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az порталының мәліметінше, оқиға 2024 жылдың желтоқсанында Хатаин ауданында болған.
Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталған азамат қарындасының өзінен рұқсат сұрамай сұлулық салонына барғаны үшін оған бес рет пышақ салған.
Жарақат алған әйел дер кезінде ауруханаға жеткізілгендіктен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. Ал оның ағасына аса қатыгездікпен жасалған қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылған.
Сот шешімімен Мұхаммед Исмайылов 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Үндістанда бұрын сотты болған ер адам 16 жасар жасөспірімді балғамен ұрып өлтіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript