Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте полицейді капотқа салып сүйреген ер адамға үкім шықты

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 15:08 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамға билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті күш қолданды деген айып тағылған.

Сотта анықталғандай, С. 07.06.2024 жылы автокөлігін Шымкент қаласының Елтай елді мекені тас жолымен басқара отырып, ППП-ның инспекторы Т.-ның тоқтатып, автокөлігінің жарық шамы стандартқа сай еместігі себепті хаттама толтыратынын ескерткенінде, автокөлігін кері бағытқа бұрып, Т. оның автокөлігінің алдына тосқауыл болып тұрып алған кезінде алға жүріп, Т. автокөліктің капот бөлігіне жатып қалғанында біраз жүріп барып тоқтаған.

Сотталушы кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады.

Айыпталушы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: