"Мемлекеттік қызметте лайықты кадрлар қалмады ма?" – Жапаров сыбайлас жемқорлық жайлы фактімен бөлісті
Фото: akorda.kz
Қырғызстанда төтенше жағдайлар жөніндегі жаңа министр ретінде Қанатбек Чыныбаев тағайындалды. Лауазымға ұсынылған 10 кандидаттың тоғызының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров 2026 жылғы 11 наурызда Жогорку Кенеш отырысында мәлімдеді.
24.kg басылымының ақпаратына сүйенсек, ведомствоның бұрынғы басшысы қызметінен босатылғаннан кейін 10 кандидатураны қарастыру ұсынылған.
"Бірақ олардың тоғызы бойынша сыбайлас жемқорлық істері бар екені анықталды. Бізде не, мемлекеттік қызметте қалыпты әрі таза кадрлар қалмады ма? Біз әрең дегенде лайықты кандидат таптық", – деді Садыр Жапаров.
Өз сөзін жалғастыра отырып, мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қандай жағдай болса да жалғасатынын нақтылады.
"Ешкімге кешірім болмайды. Тіпті туған бауырым болса да, аямаймын. Бірақ менің бауырларым мен балаларым мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді, сондықтан жаным тыныш. Сыбайлас жемқор кісі өлтірушіден де қауіпті. Кісі өлтіруші бір адамды өлтіреді, ал сыбайлас жемқор тұтас бір мемлекетті құртады", – деді Садыр Жапаров.
Еске салсақ, 2026 жылғы 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевті барлық қызметінен босатты. 2021 жылғы қазаннан бері ол Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметін атқарып келген. Кейінірек Жапаров бұл "жылдам шешім арқылы досын қорғап қалғанын" айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript