Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

2024 жылдың 15 қазанында Кеген Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 16:50 Сурет: primeminister.kz
2024 жылдың 15 қазанында Кеген Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы.

2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: