Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.
Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы техникалық институтын бітірген.
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 1992 жылы ІІБ өрт сөндіру бөлімінің дайындық және өрт сөндіру қызметі, өрт техникасы және байланыс құралдары бөлімінің инженері болып бастады.
- 1993-1997 жылдары — ШҚО ІІБ жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің инженері, аға инженері.
- 1997-2000 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инженері.
- 2000-2002 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Жедел басқармасы өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің аға инженері.
- 2002-2005 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының жедел басқармасы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
- 2005-2006 жылдары — ШҚО Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.
- 2006-2007 жылдары — ШҚО Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары.
- 2007-2012 жылдары — ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ басшысы.
- 2012-2018 жылдары — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
- 2018-2020 жылдары — Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
- 2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript