Амангалий Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Амангалий Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 15:13 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Амангалий Бисенбайұлы Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

Амангалий Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған.
  • 1989-1994 жж. – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері.
  • 1994-2011 жж. – Г. Шевченко атындағы кеңшарда "Қарабұтақ" ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, "Қарабұтақ" ЖШС-нің директоры
  • 2011-2012 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі.
  • 2012-2016 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.
  • 2016-2019 жж. – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.
  • 2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
  • 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: