Жаңалықтар тізбегі
0

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Бейбіт Есенбаев Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Үкіметі Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.

  • 2009-2011 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы;

  • 20011-2013 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы;

  • 2013-2017 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған;

  • 2017-2020 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры;

  • 2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз