Жетісу облысындағы аудандық сот төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Жетісу облысында аудандық сот төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, әңгіме Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденов туралы болып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тергеу басталғанын растайды. Тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар таратуға жатпайды", – деп хабарлады ведомство.
10 ақпан күні таңертең Жамбыл облысында полиция бастығының ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript