Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда "Арбат" ашылды

Жамбыл облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 20:54 Жамбыл облысы әкімдігі
Бұл – қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны.

Тараздықтар демалатын және серуендейтін жаңа орын – "Арбат" жаяу жүргіншілер аллеясы ашылды. Оның көрнекті орындарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай бой көтерген биіктігі 30 метрлік "Қазақ халқына мың алғыс" монументі, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылысқа атсалысқандардың барлығына пандемияға қарамастан жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтағандары үшін алғыс білдірді.

- Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ұлтаралық қатынастарды нығайту жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Біз соғыс, ашаршылық, репрессия секілді көптеген қиындықтарды бірге еңсергенбіз, оны бүгінгі ұрпақ жете біліп, түсінуі әрі есте сақтағаны аса маңызды. Қазақтар бауырлас халықтарға қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын созып, бауырыңа баса білді. Бұл ескерткіш олардың қазақ халқына шын жүректен алғыс білдіруінің белгісі. Ең бастысы – елімізде тұратын барлық этностардың достығы, бейбітшілігі мен ынтымағы. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтар тең жағдайда өмір сүруі керек деп үнемі айтып келеді. Сондықтан әр этностың өз тілін, дәстүрін, әдет-ғұрпын және мәдениетін сақтап қалуы үшін көп күш жұмсалды. Біздің тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды жетістігіміз – сақталып, нығайып келе жатқан ұлтаралық достығымыз, - деді Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы қала тұрғындарымен бірге 580 метрлік аллеяны аралап көрді. Онда әр қадам сайын түрлі-түсті қалыпта безендендірілген формалар келушілерге әдемі әсер сыйлады. Қонақтарды көше музыканттары мен ұлттық әндерді орындаушылар тамаша әуенмен қарсы алдса, жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмелері де жиналғандардың қызығушылығын оятты.

Этномәдени бірлестіктер қонақтарға ұлттық дәм ұсынып, түрлі бағдарламар арқылы мерекелік көңіл-күй тарту етті.

- Біз екі сазды және екі құрғақ субұрқақ орнаттық. Тараздықтарға олар ұнайды деп сенеміз. Қазірдің өзінде бұл субұрқақтар балалардың қызығушылығын оятып жатқанын байқап отырмыз. Күз айында күннің қысқаратынын ескеріп, жарықтандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлдік. Барлық жолдар мен сәулет құрылымдары гирляндалармен жарықтандарылған. Сондай - ақ, қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы аллея секцияларының бірінің төбесінде жасалған креативті инсталляция – Қазақстан Республикасының туымен жақынырақ танысуы тиіс, - деді мердігер компанияның өкілі Еркін Сейдехан.

Жаңа демалыс орны көз сүйсіндіреді. Қала тұрғындары оған жоғары бағасын беріп, ризашылықтарын жеткізуде.

- Қазір қала ертегідей өзгеріп, түрленіп келеді. Көрікті орындар көбейді. Әр кеш сайын серуендейтін кезде, қайсысын таңдарымызды білмей абдырап қаламыз. Бұл жағымды көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз. Жерлестеріміз мұндай тамаша тартуларды ықыласпен қабылдап, оны күтіп-баптап ұстауға барынша ден қойып, ұзақ жылдар бойы сақталуына үлес қосады деп сенемін, - деді өзінің әсерімен бөліскен облыс орталығының тұрғыны Айгүл Сыздықова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: