Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді

Ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2019 16:59 Ашық дереккөздерден
Алдағы жылдары бұл көпшілікке қолжетімді демалыс орны болмақ.

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді. Бұл жерді абаттандыру үшін инвесторлар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар тұрған жер жыл бойы жабық тұрады. Алдағы жылдары бұл көпшілікке қолжетімді демалыс орны болмақ.

"ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақтөбе аудандық пайдалану бөлімі де өз үлесін қосып жатыр. Олар Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағында сквер салу үшін жерді жергілікті әкімдікке қайтарып берді. Алдымен 4 ұшақ коммуналдық мекемеге берілді, енді алтауын береді. Қазір осыған инвестор іздеп жатырмыз", — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: