Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда жаңадан 16 демалыс орны ашылады

Атырауда 16 демалыс орны салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 15:18 Сурет: Zakon.kz
Алдағы 2 жылда Атырау қаласында жаңадан 16 демалыс орны салынады.

Оның құрылысына бюджеттен 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланып отыр. Жайық өзенін бойлай орналасқан шаһарда қазір 14 саябақ пен демалыс орны бар. Дегенмен 300 мыңнан астам тұрақты тұрғыны бар Атырау үшін ол жеткіліксіз, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Осыған байланысты жергілікті билік демалыс орындарын көбейтуді қолға алды. Болашақ құрылыс үшін «Балықшы», «Самал» ықшам аудандарынан жер телімдері бөлінді. Қазір 2 саябақтың жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Олар биыл ашылады деп жоспарланып отыр. Осылайша, облыс орталығында 2025 жылға дейін жаңадан 16 демалыс орны пайдалануға берілмек.

"14 жобаны кезең-кезеңімен сараптамаға кірігеміз. Бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда оның ішінде демалыс орындарына қолайлы орындықтар бар, шағын архитектуралық формалар бар, көгалдандыру бар, демалыс орны қолайлы болуы үшін бәрі қарастырылған." Рамиль Халауиддинов, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: