Атырауда 43 мектепте директордың орны бос тұр

Мектептерде директор жетіспейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 17:09 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысындағы 55 білім ошағында бірінші басшы жоқ. Сонымен қатар 43 мектепте директордың орны бос тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір аймақтағы білім көрсеткіші 50 пайыздан аспайды. Бұл ел бойынша соңғы орындардың бірі. Осы мәселелер арнайы семинар-кеңесте талқыланды.

Жиналғандар оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың басты тетіктерін атады. Әрі «Жайлы мектеп» жобасы туралы да айтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Аталған бағытта аймақта алдағы 5 жылда 12 оқу ордасын салу жоспарланған. Сарапшылар қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін кешенді жоспар жасақталуы тиіс деп санайды.

"Қазір Мектеп директорларының деңгейін көтеріп, жалпы, көңілін, назарын, зейінін аударғымыз келеді. Әрине, бұнымен білім сапасын арттыру шектелмейді. Сонымен қатар тиянақты және кешенді жоспар қажет. Жергілікті билік сол жоспарды қолдап, жүзеге асыру үшін жағдай жасауы керек." Қаныбек Жұмашев, облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: