Еуропаның тау-шаңғы кешендері бос тұр
Сурет: pixabay
Еуропаның тау-шаңғы кешендері қаңырап бос тұр. Себебі қар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желтоқсанда жауған қар күннің күрт жылынуынан еріп кеткен. Еуропаға субтропикалық елдерден келген ыстық ауа-райы Германия, Франция, Швейцария, Польша мен Чехияның қыстық туризмін кірістен қақты, деп жазады qazaqstan.tv.
Ауаның температурасы +19-ға көтерілгендіктен, бір ғана Францияның өзінде 7500 тау-шаңғы трассасының тең жартысы жабылды. Қар болмаған соң Польша билігі трамплинен секіруден өтетін халықаралық жарысты кейінге шегерді.
Пайдадан қағылғысы келмеген кей демалыс орындары шаңғының орнына тау велосипедттерін жалға берсе, енді бірі жасанды қардан жол төсеп, туристерді ұстап қалуға барын салып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript