Жаңалықтар тізбегі
0

Қысы қатты өңірлерде тау-шаңғы спортын дамытатын бағдарлама әзірленеді – Спорт комитеті

Шымбұлақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 17:14 Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Zakon.kz тілшісінің Алматы облысындағы Алатау шаңғы-биатлон кешенінің жабылуына қатысты сұрағына жауап берді.

Бүгін Самат Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спортқа дайындық жүйесі туралы айтып, журналистердің сұрағына жауап берді. Zakon.kz редакциясы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасынан Алматы облысындағы Алатау шаңғы-биатлон кешені неліктен жабылатынын және жаттықтырушылар неге жұмыстан шығарылғанын сұрады. Төраға Қазақстан атынан әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жететін спортшылар жоқтың қасы екенін айтты.

Жалпы тау-шаңғы спорты жабылмайды. Бұл спорт түрінен штаттық единицалар азайтылады. Неге десеңіздер, қазіргі таңда тау-шаңғы спортынан жетістікке жетіп жүрген спортшылар жоқтың қасы. Біз қазір әлемдік спортшылармен бәсекелесе алмаймыз. Сол себепті бұл спорт түрінен спортшылар бойынша жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінен бастап, әрі қарай басқа да орталықтарда өз жұмыстарын атқаруы керек. Осы спорт түрінен үлкен жетістікке жететін спортшылар шығып жататын болса, әрине біз ол спортшыны мемлекет тарапынан қолдауға дайынбыз, - деп жауап берді Сата Ерғалиев.

Сонымен қатар төраға қысы жақсы өңірлерге қысқы спорт түрлерін дамытатын арнайы бағдарламалар әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Тау шаңғысы, сноуборд және шаңғыдан қоссайыс бойынша да әлемдік деңгейде өнер көрсететін спортшыларымыз аз. Сондықтан біз ол спорт түрін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастауымыз қажет. Бұл спорт түрі толыққанды жабылмайды. Сонымен қатар республика бойынша әр өңірге қысқы спорт түрлеріне бір талап қойылған. Бірақ өңірлердегі климат жағдайына байланысты кейбір аймақта қысқы спортқа мүмкіндік жоқ. Алдағы уақытта қыс жақсы болатын өңірлерге министрлік тарапынан өзіміздің талабымызды қоямыз. Қысы қатты өңірлерге қысқы спорт түрлерін дамытатын арнайы бағдарламалар әзірлеп жатырмыз. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: