Спортшылардың Олимпиадаға дайындығы: мемлекет ҰОК-қа ақы төлемейді

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық Олимпиада комитетімен келісім-шартты бұзады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитеттің хабарлауынша, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы құжатқа комитет төрағасы Самат Ерғалиев қол қойған.
Бүгінде комитет келісім-шартты орындау аясында алдын ала 800 миллион теңге аударды. Қалған шығын берілген тапсырманың орындалғаны туралы актісіне сай өтеледі, - делінген ҰОК-қа жолданған құжатта.
Комитеттің баспасөз қызметі толық ақпарат 25 ақпанда өтетін Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша министрлік пен ҰОК отырысынан кейін берілетінін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript