Жаңалықтар тізбегі
0

Мәдениет және спорт министрлігі шенеунігі парамен ұсталды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2020 18:13 видеодан кадр
Пара алу күдігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бір орынбасары ілікті.

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғасына қатысты пара алу ісі бойынша жаңа тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, ол 10 млн теңге және құны 13 млн теңге болатын "Тоyota Hilux" автокөлігін параға алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменті тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

- Шығыс Қазақстан облысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Риддер қаласындағы спорттық оқу корпусы құрылысы кезінде ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісін тергеу барысында ашылған жаңа қылмыстық эпизодқа қатысты жаңа тергеуді бастады. Пара алу күдігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары ілікті, - деді Биғайдаров.

Тергеу мәліметінше, ол Риддердегі олимпиадалық резерв мектебінің оқу корпусы құрылысы барысында атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 млн теңге және құны 13 млн теңге болатын "Тоyota Hilux" автокөлігін параға алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: