ҚР Туризм және спорт министрлігі неге басымдық бермек
Сурет: pixabay
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов ведомство алда қандай істерге басымдық беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бекболат Байжанов 2 қыркүйекте президент жарлығымен Ермек Маржықпаев ҚР Туризм және спорт министрлігін басқарғанын еске салды.
"Министріміз жиын өткізіп, таяу болашаққа арналған басымдықтарды белгіледі", – деді Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары.
Бұл ретте ол мұндай ведомство Қазақстанда бұрын да болғанын еске салды.
"2006 және 2012 жылдары туризм және спорт министрлігі болған. Сол министрлік құрылды", – деді спикер.
Оның айтуынша, қазір ведомствоның негізгі міндеті – Азия және Олимпиада ойындарына дайындық барысы
"Азия ойындары қыркүйекте өтеді. Болжам бойынша, бұл ойындарда орта есеппен 20-дан астам алтын ұтып алуымыз мүмкін. Бұл бізге алтыншы немесе жетінші орын алып береді", – деді Бекболат Байжанов.
2023 жылғы 2 қыркүйек күні Ермек Маржықпаев қайта құрылған Туризм және спорт министрлігінің басшысы болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript