Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары СҚО БЖСМ бокс және кикбоксинг бойынша жаттықтырушы-оқытушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ СҚО Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының кикбоксинг бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болды.
2008–2012 жылдары СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2012–2020 жылдары СҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып еңбек етті.
2020 жылдан 2024 жылға дейін — "Құлагер" хоккей клубының директоры.
2024 жылдың 5 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болды.