Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жаңадан салынып жатқан ғимараттың 16-қабатынан ер адам құлап мерт болды

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2023 17:00 Сурет: Zakon.kz
Астанада жаңадан салынып жатқан ғимараттың 16-қабатынан ер адам құлап мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана полиция департаменті хабарлады.

12 тамызда Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс алаңында ер адамның 16-қабаттан құлап кеткені туралы хабар түскен.


"Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы желдеткіш шахтаға құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды". Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: