Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап мерт болды

аурухана, суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 22:13 Сурет: pixabay
Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап өлді. Науқас ауруханада бір күн ғана жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 мамыр күні сағат 23:50-де болған. Ер адам Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың төртінші қабатынан  секіріп, қайтыс болған. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылған. Аталған факті бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

"Науқас тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаға 27 мамыр күні түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстады. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ", - деп хабарлады басқарма.

Аурухананың әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізген, алайда медицина қызметкерлері тарапынан  қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін фактілер анықталған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: