10 жыл іздеуде болған шетелдік қылмыскер Қазақстаннан ұсталды

polisia.kz polisia.kz
Жеке басын тексеру барысында ұсталған азаматты 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды.

10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 18 қыркүйекте Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының қолды болғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

– Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы шетелдік азаматты “ізін суытпай” анықтады. Ұсталған сәтте күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгерген. Ноутбук сатып алушыдан алынды. Жеке басын тексеру барысында ұсталған азаматты 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Күдікті қамаққа алынды, – дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қыйқабаев.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз