Іздеуде жүрген қылмыскер ұрланған бұзау етімен ұсталды
5 маусым күні ақтөбелік полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
1985 жылы туылған Өзбекстан азаматын "Самара-Шымкент" тас жолында патрульдік полиция ротасының жасағымен ұсталды. Ол Шымкенттен Ақтөбеге қарай жол тартқан. Полиция қызметкерлері азаматтың қолындағы қапшық күдік тудырған соң, тоқтатылды.
Өзбекстан азаматының қолындағы қапшығынан оның жеке заттарынан басқа, бұзаудың басы мен еті табылған. Анықталғандай, Шымкент қаласынан Ырғыз ауданына қарай жолда ер адам далада жайылған бұзауды жасырын түрде ұрлап кеткен.
Бұзауды ұрлап, күдікті оны кеңсе пышағымен бауыздап, еттің бір бөлігін және малдың басын қапшыққа салып алған. Ұсталған азамат өз әрекетін мойындады.
Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2016 жылдан бастап оның Алматы облысының Полиция департаментімен ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздестіру жарияланғанын анықталды.
Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.