Жаңалықтар тізбегі
0

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 трлн теңгеден асты 

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 15:00 zakon.kz
Жыл басынан бері салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді.

"БЖЗҚ" АҚ-дағы зейнетақы жинақтары ағымдағы жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Осылайша 2020 жылдың 1 қыркүйегінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 трлн теңгеден асып түсті, деп хабарлайды zakon.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,9 трлн теңге немесе жинақтардың жалпы көлемінің 97,6% құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге (өсім 2,4%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден (өсім 0,02%) асты.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол алдыңғы жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 8% асып түсті.

Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (23,3 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (31,5 млрд теңге), мұрагерлерге (19,8 млрд теңге), жерлеуге (2,4 млрд теңге) берілген.

2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құраған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: