Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1 трлн теңгеден астам сома бөлінді

Жыл басынан бері 1 трлн теңгеден астам сома зейнетақы төлеуге бөлінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 11:54 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 98,9 млрд теңге сома зейнетақы төлеуге бөлінгенін, оның ішінде базалық зейнетақы – 337,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 761,5 млрд теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 120 686 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге.

"2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса және мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: