Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

ШҚО тұрғындары Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасымен үй ала алады

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі өңір тұрғындары үшін 160 мың теңгені құрайды.

Сурет : ШҚО әкімдігі25 Қыркүйек 2020, 15:51

Шығыс Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген пайызбен баспана алудың жолдары кеңінен түсіндірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шаңырақ "5-10-20" қанатқақты жобасы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі. Аталмыш пилоттық жобаны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынды. Басты мақсат – қазақстандықтарға тиімді займ беру арқылы баспанамен қамтамасыз ету.

Жылдық мөлшерлемесі 5% тең. Тұрғын үй құнының алғашқы 10% жинау қажет. Несиелендіру мерзімі – 20 жыл.

"Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ШҚОФ-ның директоры Назигүл Аккулованың айтуынша, "Шаңырақ" жобасы аясында жеңілдетілген несие ең алдымен, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан 2015 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда жергілікті әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған соң банктің "Шаңырақ" жобасын қаржыландыруға қаражаты жеткілікті болса, онда кейінгі жылдары әкімшілікте тұрғын үй кезегінде тұрған жандар шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай көлеміндегі отбасының әр мүшесінің басына шаққандағы отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минумынан аспауы тиіс. Демек, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңге болуы керек.

– Бұл бағдарлама бойынша тек қана бірінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Аталмыш бағдарлама бойынша салынып жатқан баспаналардың тізімін hcsbk.kz сайтынан көруге болады, - деді Назигүл Аккулова.

Шығыс Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы бойынша 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мәселен, Өскеменде 64 пәтерлі 4 үй мен 72 пәтерлі бір тұрғын үй бой көтеруде. Сонымен қатар Ұлан ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жүргізілуде. Бұл баспана ағымдағы жылдың қараша айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Ал облыс орталығындағы үйлерге 2021 жылы қоныстануға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі өңір тұрғындары үшін 160 мың теңгені құрайды. Біздің өңірімізде аталмыш бағдарлама бойынша бой көтерген баспананың бағасы 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар оған қатысуға өтініш білдіру үшін hcsbk.kz сайтына тіркелуі қажет. Өтініштерді қабылдау мерзімі 17 қыркүйек пен 16 қазан аралығында жалғасады. Егер сайт арқылы өтініш беру қиындық туғызған жағдайда немесе басқа да сұрақтар мазаласа, банк бөлімшесіне баруға болады. Не болмаса, банктің кеңесшімен хабарласуға болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер