Жаңалықтар тізбегі
0

"Геологтар аллеясы" ашылды

inaktau, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2020 02:26 inaktau
Жоба авторы құрметті геолог, ардагер Бисенбай Бисенгалиев.

Бүгін Маңғыстау облысының орталығы Ақтаудың 57 жылдығына орай, шаһар басшысы Нұрдәулет Игілікұлының шақыртуымен Қарағанды облысынан Ақтау кентінің әкімі Алтынбек Есмұрзаев бастаған арнайы делегация келді.

Қос Ақтаудың басшылары мен делегация өкілдері қала күніне орай облыс орталығында ашылған "Геологтар аллеясының" тұсаукеріне қатысты. Сондай-ақ, шараға ардагер геолог-барлаушылар, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов қатысты.

Жоба авторы құрметті геолог, ардагер Бисенбай Бисенгалиев. Он екінші шағын ауданда орналасқан аллеяны салуға өңірдегі мұнай компаниялары қаржылай демеушілік жасаған. Құрылыс жұмыстарына 15 миллион теңге жұмсалды.

Архитектуралық нысанда бұрғылау, мұнай алу қондырғысы, геологтардың атрибуты: балға мен табылған тас композициясы бейнеленді. Маңғыстауда ашылған кен-орындарының тізімі мен атақты геолог-барлаушылардың есімдері жазылды. Геологтардың, мұнаралар қасынан табылған құрыш білек мұнайшылар еңбегінің тек Маңғыстау облысында ғана емес, тұтастай республикамыздың экономикалық саласындағы ерекше рөлі мен маңыздылығын атап айтуға тиістіміз. Бүгін осы ардақты мамандық иелерінің құрметіне ашылған аллея алдағы уақытта қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп ойлаймын, - деді Маңғыстау өңірлік геология инспекциясының басшысы Алмагүл Келбет.

Сондай-ақ, қала күні қарсаңында "Құрылысшылар аллеясының" ірге тасын қалау рәсімі өтті. Ақтауды көркейту, абаттандыру мақсатында алдағы уақытта он екінші шағын ауданда жаңа аллеяны ашу жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: