Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық студент найзағайдан қуат алу жобасын әзірлеуде

glavcom.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2019 23:07 glavcom.ua
Найзағай табиғат құбылысы болғандықтан алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек - жоба авторы.

Жоба авторының айтуынша, бір рет түскен найзағайдан жарты жыл уақытқа жететін тоқ көзін алуға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

"Менің жобам найзағайдан қуат күшін өндіруге арналады, бізде желден, күннен қуат өндіріледі сол секілді. Бұл идея маған Астанада ЭКСПО-ны өткізген кезде келді, мен онда ерікті болып жұмыс істегем. 3 ай ішінде ЭКСПО-да түрлі энергия қуатына қатысты түрлі жобалармен таныстым. Содан соң осы сала бойынша отандық жоба жасауды қолға алдым. Әрине жоба уақыт пен қаржыны талап етеді. Найзағай табиғат құбылысы болғандықтан алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек",- деді Астана қаласы "Тұран-Профи" колледжінің инженер мамандығының 3 курс студенті Алтынбек Нұрдәулет.

Автордың болжамынша аталған жобаны еліміздің оңтүстік-шығыс аймақтарында жүзеге асыру қолайлы, әсіресе Алматыда себебі ол таулы аймақ.

"Найзағайдың бір рет түсуінен жарты жылға жететін энергия қуатын өндіріп алуға болады. Жобаның тағы бір артықшылығы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Яғни ол жерде инженерден бастап датчикке дейінгі көптеген мамандардың көмегі қажет етіледі. Мысалыға Алматы қаласын алсақ көктемде найзағай жиі соғатындықтан екі-үш рет түскені қаланы бір жылдық тоқпен қамтамасыз етуге жетеді деп болжаймын",- дейді ол.

Жобаның тағы бір артықшылығы құрылғыға қажетті материалдардың барлығы отандық өнімдер.

"Қазіргі таңда жобаның макеті жасалып жатыр, алдағы 1-2 ай көлемінде дайын болып, таныстыратын боламын. Найзағайдан энергия қуатын алатын құрылғының биіктігі 97 метр болады деп жоспарлаудамын", - деді А.Нұрдәулет.

Оның айтуынша, құрылғыға найзағайды тартатын арнайы магнит орнатылатын болады, сол арқылы табиғат құбылысын өзіне тартады. Сондай-ақ, оны жүзеге асыруға демеушілердің қолдауы қажет егер табылмаған жағдайда автор қаржы көзін өзі табатынын айтып өтті.

Айта кетсек, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасы мен қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы 35 колледж студенттерінің қатысуымен "Астана жастары – Қазақстанның индустриялдық стратегиялық дамуында" атты жастар форумы өтті. Аталған шарада түрлі бағыт бойынша іріктелініп алынған 7 жоба қорғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: