Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне Құрбан айтқа байланысты тапсырма берді

ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2021 22:23 ашық дереккөздерден алынды
Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет - Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін.

Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет, - деді Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: