Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы екі облыстың әкімдеріне тапсырма берді

Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2021 21:21 Берік Уәли
Әкімдер Президентке өңірлердегі қазіргі ахуал туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те жағзағндай, әкімдер Президентке өңірлердегі қазіргі ахуал туралы баяндады.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, су тасқынының алдын алу шаралары, вакцина салу барысы, Аршалы және Целиноград аудандарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері, Президенттің Қосшы ауылының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға қатысты бұған дейін берген тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат берді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, су тасқынын болдырмауға қатысты қабылданып жатқан шаралар, көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық барысы, жұмыс күші көп өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып жатқан азаматтарды "Еңбек" бағдарламасы бойынша баспанамен қамту мәселесі жайында айтты.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаев пен Құмар Ақсақаловқа аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, көктемгі егіс науқанын жоғары деңгейде атқаруға және тағы да басқа мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: