Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев экология министріне тапсырма берді

AP, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 15:56 AP
Президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өткен жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ, алдағы уақыттағы жоспарлары туралы баяндалды.

Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына биылғы өсімдік өсетін кезеңді сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында айтты. Министрдің айтуынша, биыл қардың аз түсуіне байланысты елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл ретте Президент су арналарын цифрландыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жыл ішінде бүкіл республика бойынша 119 арнаны цифрландыру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны жайында айтылды. Мағзұм Мырзағалиевтің пікірінше, 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар Президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: