Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Склярға бірқатар нақты тапсырма берді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2021 23:13 Ақорда
Президентке атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Германиядан инвестиция тартуға, екі елдің бизнес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, Қазақстан экономикасы үшін маңызды саналатын бағыттардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

Үкіметтің жұмыс тобы осы бағыт бойынша перспективасы бар бағыттар мен жобаларды одан әрі пысықтау үшін тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2021 23:13

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы баяндалды. Елімізде 119 мың қызметкерді жұмыспен қамтып отырған 3 мыңнан астам машина жасау кәсіпорны бар. Үкімет аталған саланы қарқынды дамыту мақсатымен отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістің көлемін сақтап, өсімін одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған қолдау шараларын қабылдауда.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екеніне назар аударып, бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: