Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Абдулла" деген жаңа мешіт ашылды

azan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 15:01 azan.kz
"Абдулла" мешітінің бас имамы болып Тыныштықбай Мырзаев тағайындалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты "Жас қанат" шағын ауданында "Абдулла" мешіті есігін айқара ашып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағамбет, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Дін істері басқарасының басшысы Нұрлан Кикимов, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкер азаматтар, мешіт қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Мешіттің ашылу рәсімі қаланың бас имамы Еркінбек Шоқайдың Құран оқуымен басталды. Ал Құранның батасын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.

"Абдулла" мешітінің бас имамы болып Тыныштықбай Мырзаев тағайындалған.

Ал Алматы қаласы Дін істері басқарасының басшысы Нұрлан Кикимов, ең алдымен қаладағы 52-ші мешіттің ашылуымен қонақтарды құттықтады. Қасиетті жұма күні жамағатқа есігін айқара ашқан "Абдулла" мешіті қаламыздың көркіне көрік қосатын ордалардың біріне айналғанын айтып, өз қуанышын жеткізді.

"Абдулла" мешіті 3 қабаттан тұрады: 1-қабат 558 шаршы метр (5 қызметкер бөлмесі); 2-қабат 380 шаршы метр (неке залы, дәрісхана); 0-қабат 550 шаршы метр. Мешіт асханасы бір уақытта 250 адамға дейін қызмет көрсета алады. Мешіт дәретханасын бір мезетте 54 ер азамат, 25 әйел кісі пайдалануына болады. Мешіт ауласындағы балаларға арналған ойын алаңқайы 100 шаршы метрді құрайды. Көлік тұрағы 80 көлікке арналған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: