Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жаңа мешіт ашылды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2018 16:30 astana.gov.kz
Жаңадан ашылған «Aq meshit» мешітінің ғимараты толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген.

Алматы ауданындағы Ғ. Мұстафин көшесінде жаңа мешіт ашылды. Ол өзге мешіттерден құрылысымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

​«Ақ мешіт» мешітінің ашылу салтанатына арналған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысып, жаңадан ашылған мешіт рухани орталық бола отырып, елорданың сәулеттік келбетін аша түскенін айтты.

Оның айтуынша, мешіт мұсылмандардың мінәжат орны болумен қатар, бейбітшілік пен келісім және қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін оқу орталығы сондай-ақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту алаңы болады.

Жаңадан ашылған «Aq meshit» мешітінің ғимараты толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген.

Құрылыстың бірегейлігі мұнаралардың санында. Мешіттерде дәстүр бойынша төрт мұнара болады. Архитекторлардың сызбасы бойынша жаңа мешітте екі мұнара бірақ, үш түрлі стильдегі секциялардан тұрады. «Ақ мешітте» бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында салынған медресе 75 адамға арналған. Мешітте ерлер мен әйелдерге арналған намаз залы, неке қию бөлмесі, мәжіліс залы, Құран оқуға арналған бөлме, мейрамхана және мәйітхана бар.

Медреседе сабақ өтетін 9 аудитория, оқушылар мен оқытушылардың тұруына арналған 28 бөлме бар.

Сонымен қатар, мұнда кітапхана, жаттығу залы, жеке асхана, медициналық пункт, шаштараз және киім жуу бөлмесі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: