Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада «Қазақ рухы» көрмесі ашылды

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 16:08 elorda.info
«Қазақ руы» көрмесінде қазақстандық белгілі суретші Тимур Дайырбаевтың 12 картинасы ұсынылды. Суретші топтаманы жасау үшін үш жыл бойы еңбектенді.

ҚР Ұлттық музейінде британдық профессор Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениздің «Қазақ рухы» атты жеке көрмесі ашылды. Салтанатты шараға Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов пен шетелдік дипломаттар қатысты, деп жазады elorda.info.

«Қаржы орталығының ендігі басты жұмысы Астананың алдағы жиырма жылымен байланысты болады. Тек қана инфрақұрылымдық және саяси-экономикалық емес, бизнес орталық және қаржы орталығы болады. Сонымен бірге, біздің серіктестеріміз қазақтың рухы мен тарихын түсіну үшін мәдениетіміздің қолжетімді болуына көңіл бөлеміз. Осы орайда еліміздің мәдениетін түсіндіріп, көрсету үшін елшілер мен инвесторларды театрларымыз бен музейлерімізге апарып, бірқатар мәдени шараларды өткіземіз. Біздің тарихымыз тек қана 550 жыл ғана емес, тарихы тереңде жатқанын көрсетеміз», -деді Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, «Қазақ руы» көрмесінде қазақстандық белгілі суретші Тимур Дайырбаевтың 12 картинасы ұсынылды. Суретші топтаманы жасау үшін үш жыл бойы еңбектенді.

Бүгінде аталған топтаманың жартысы британдық коллекционер Гэйвин Кретчмарға тиесілі.

«Мен бүгін Астанада осы көрмеге қатысып тұрғаныма қуаныштымын. Жалпы, біздің картиналарымыздың Астана халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы аясында көрмеге ұсынылғаны қор қуаныш. Әрі оның символикалық мәні бар. Себебі, бұл картиналарда қазақ халқының қалыптасуы мен хандық кезеңнің құрылуы және бүгінгі күнге дейінгі өмірі суреттеледі. Көрмеге қойылған 12 картина бір-бірімен байланысты. Алғашқы картина «Қазақ рухы» деп аталады. Қазақ хандығының тарихына 550 жыл болды деп естідім. Осы орайда мен қазақтың тарихы оған дейін де болғанын көрсеткім келді», - деді ол.

Кретчмардың айтуынша, «Қазақ рухы» топтамасында енген картиналар тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі болмыс-бітімін айқындап етіп тұр.

«Біріншіден бастап соңғысына дейін қарап шықсаңыз, қазақ халқының қалыптасып, дамып үлкен мемлекетке айналғанын көруге болады. Соңғы картинада Абылай хан мен орыс офицері және қытай елшісі бейнеленген. Бүгінгі таңда Қазақстан көрші елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытып отыр. Қарап отырсақ, осыдан Астана қаржы орталығының идеясын байқауға болады», - деді Гэйвин Кретчмар.

Сондай-ақ топтамадағы алты картина коллекционер Альпер Акденизаға тиесілі.

«Менің бүгінгі шарадан алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Осы күндері Астана өзінің 20 жылдығын атап өтуде. «Қазақ рухы» атты жеке көрмеміздің ашылуы халықаралық қаржы орталығының таныстырылымымен тұспа-тұс келді. Мен үшін бұл картиналар Қазақстанның басты қасиеттері мен сипатын анықтайды. Қазақстанда тұрып жатқаныма 10 жыл болды. Сондықтан бүкіл әлемге өзімнің қазақ елі туралы білгеніммен бөліскім келеді. Ал бұл картиналарда қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетінің бірекей сәттері бейнеленген», - деді коллекционер Альпер Акдениза.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: