Жаңалықтар тізбегі
0

Junior Eurovision-ге Қазақстанның атынан Қарақат Башанова баратын болды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 15:08 24kz
"Junior Eurovision" байқауының финалы 29 қарашада онлайн форматта өтеді.

26 қыркүйек күні "Хабар" арнасының тікелей эфирінде "Junior Eurovision 2020" халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтті. Байқауда Алматы облысы, Рысқұлов ауылынан келген Башанова Қарақат жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жас әнші әкесіне арналған "Forever" әнін орындады. Композицияны өткен жылы Junior Eurovision-де өнер көрсеткен Ержан Максимнің "Арманыңнан қалма" әнінің авторы Хамит Шанғалиев шығарды. Қарақат көрермендердің және қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылды. Енді Қарақат Қазақстанның атынан халықаралық гранд-финалда өнер көрсететін болады.

Ұлттық іріктеудің финалына еліміздің түкпір-түкпірінен келген он екі бала қатысты. Олардың арасында Сайполда Ислам (11 жас, Нұр-Сұлтан қ.), Бурханова Адия (12 жас, Алматы қ.), Жұмажан Айдана (14 жас, Алматы қ.), Манарбекқызы Ақжібек (14 жас, Нұр-Сұлтан қ.), Маким Жан (11 жас, Алматы қ.), Мукитанова Айым (13 жас, Көкшетау қ.), Ғазизқызы Камила (13 жас, Нұр-Сұлтан қ.), Алтынбекқызы Сания (13 жас, Семей қ.), Тұрсынова Махинур (14 жас, Алматы қ.), Кусанова Нұршат (10 жас, Атырау қ.), Тілеубек Әйкерім (13 жас, Нұр-Сұлтан қ.) және Башанова Қарақат (12 жас, Алматы облысы, Талғар, Рысқұлов ауылы).

Гала-концертте финалистер еліміздің танымал композиторларының арнайы жазған авторлық әндерімен өнер көрсетті.

Үміткерлерді таңдаған қазылар алқасының құрамын "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсері Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов толықтырды.

"Junior Eurovision-2020" Ұлттық іріктеуі 4 кезеңде өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 684 өтінім келіп түсті. Екінші кезеңде қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды, олардың арасынан онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша 12 финалистің есімдері белгілі болды.

"Junior Eurovision" байқауының финалы 29 қарашада онлайн форматта өтеді. Әлемнің 13 елінен 9-14 жас аралығындағы жас вокалистер бақ сынайтын болады. Қазақстан сайысқа үшінші рет қатысады. Еліміздің айтулы шараға қатысуы "Хабар" Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: