Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Nur Otan" 3116 мүшесін шығарып жіберді

Деректер бұрмаланып жатыр екен.

Сурет : Elarna.Net World28 Қыркүйек 2020, 09:19

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың праймериз өткізу процесінің айқындығын қамтамасыз ету және барлық қатысушыға тең жағдай жасау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Партиялық бақылау комитеті партиялықтардың деректерін "Nur Otan" мүшелерінің Орталық есепке алу деректер базасындағы ақпаратпен салыстырып тексеруді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеріс Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық филиалында және Байқоңыр ауданындағы "Азия Центр Снаб" ЖШС-ндегі бастауыш ұйымында жаппай бұрмалаушылықтарды анықтады.

Мысалы, Алматы аудандық филиалы 2020 жылғы 23-24 қыркүйекте "Nur Otan"-ның деректер базасында 1221 партиялықтың мобильді телефон нөмірлерін ауыстырған. Енгізілген нөмірлердің басқа адамдарға тиесілі екендігі айқындалды.

Аталған бастауыш ұйымында партия Жарғысын және партияға мүшелікке қабылдау тәртібі туралы нұсқаулықты бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, ЖШС қызметкері деп мәлімденіп, қыркүйекте қабылданған БПҰ-ның 3 116 мүшесінің басым бөлігі басқа ұйымдарда, тіпті басқа өңірлерде жұмыс істейді. Қоңырау шалу барысында олардың көпшілігі өздерінің партия мүшесі екенін білмейтіндіктері белгілі болды, нөмірлердің көпшілігі басқа нөмірге сілтейді, ал телефонға бір адам жауап береді.

Партия филиалының басшылығы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Праймериз өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті Партиялық бақылау комитетінің ұсынымын басшылыққа ала отырып, жоғарыда аталған фактілер бойынша келесі шешімдер қабылдады.

Партияның Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Болысбек праймериз кандидаты ретінде тіркеуден алынып тасталсын және оған қатаң сөгіс жариялансын. Сонымен бір мезетте қалалық филиал қосымша тексеріс жүргізсін және деректер базасына бүкіл партиялықтар бойынша дұрыс деректер енгізсін.

"ТОО Азия Центр Снаб" БПҰ таратылып, жаңадан қабылданған 3116 мүше партиядан шығарылсын. БПҰ басшысы У.Алиев пен партия мүшесі Д.Пернеев праймеризге кандидат ретінде тіркеуден шығарылсын.

Праймериз өткізу бойынша Орталық ұйымдастыру комитеті "Nur Otan" партиясының партияішілік сайлаудың барлық қатысушысы үшін бірдей құқық беруді жақтайтынын атап көрсетті. Праймериз жеңімпаздары түбегейлі әділ және бәсекелес дауыс беру қорытындысы бойынша анықталуы тиіс. Партиялықтарды дауыс беру құқығынан айыруға ешкімнің де қақысы жоқ.

Праймериз өткізу ережесін қандай да бір бұзушылық бойынша 8 (800) 080 4441 жедел желісіне (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды почтасы бойынша хабарласуға болады. Келіп түскен барлық арызды Партиялық бақылау комитеті жан-жақты қарастырады. Кінәлілерге партиядан шығаруға дейін барынша қатаң шара қолданылатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер