Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік мұнайшы қарбыз егіп, миллион тапты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 22:33 видеодан кадр
Миллионер болу үшін міндетті түрде мұнай саласында еңбек етудің қажеті шамалы.

Ақтөбелік мұнайшы Ерлан Алмағамбетов миллионды мұнайдан емес, бау-бақшадан табуға болатынын дәлелді. Алмағайып кезде бақша салған жігіт пайдаға қарық болыпты. Енді ауылдың жігіттерін егіншілікке баулып, қол ұшын бермекші, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ерлан Ақтөбедегі мұнайлы өлке Темірдің тумасы. Қара алтынның үстінде отырған ауылдықтардың көбісі кәсібін мұнай саласымен байланыстыруға тырысады. 20 жыл бойы мұнай компаниясында еңбек еткен Ерлан егіншілікке бет бұрған. Екі жылдан бері соны кәсіп қылып жүр. Биыл қауын-қарбыз егіпті. Пайдаға кенелген азамат енді әріптестерін бай-бақша пайданың көзі деп насихаттап жүр.
Ерлан Алмағамбетов, қожалық иесі:

"Мұнайға баруға тырысқанда... мұнайда тек айлық қой алатын. Ауылшаруашылығында еңбек етсең, мысалы, 1 жыл жүріп мұнайда алатын ақшаны 3-4 айда табуға болады. Қалған күнде үйде боласың. Еще жұмысшы аламын, басқа адамдарға жұмыс бересің".

Өткен жылы 7 га жерге қияр мен қызанақ ексе, биыл аумағын кеңейткен. 20 гектарға қауын-қарбыз егіпті. Түсімі де жаман емес. Әр гектардан 30-40 тоннадан өнім алып отыр. Оны ауылдастарына арзан бағамен береді.

Қарбыз сорты "Продюсер". Селитра қосылмаған. Бұлардың ең үлкені - 22 келі.
- Ол жақсы көрсеткіш пе негізі?
- Жақсы көрсеткіш, әрине. Біз үшін дұрыс көрсеткіш.

Ерлан табысқа кенелудің тағы бір құпиясын ашты. Үнемі ізденісте болып, жаңалыққа жаның құмар болу керек дейді.

Ерлан Алмағамбетов, қожалық иесі:

"Басында ақша саласың, капельный лентаға, пленкаға. Бірақ кейін адамға жұмыс істеуге жеңіл. Мысалы, мынадай поляда баяғыдай арықпен суаруға 20 адам жұмыс істеу керек болса, біздер 5-6 адаммен атқарып шықтық".

Ерланның қарбыздарына сұраныс үлкен. Көрші Орал мен Атыраудан бөлек, Ресейден келіп, тиеп жатқандар бар. Өнімдерінің келісін көтерме бағамен 50 теңгеден сатыпты. Келесі жылы шаруаға ебі бар ауыл жігіттерін жанына алып, 5 га жерге бау-бақшасын салып, қол ұшын созғысы келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: