Өскеменде баласын мойнына мінгізген тыр жалаңаш әйел автокөліктің астына түсіп, өлмек болған

29 Қыркүйек 2020, 10:03
Сурет: starhit.ru

Жақында әлеуметтік желі арқылы мойнына баласын мінгізген тыр жалаңаш әйелдің видеосы тарап кеткен еді. Полиция бұл жайттың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өскеменде күзгі қара суыққа қарамастан, мойнына баласын мінгізіп алған тыр жалаңаш әйел көшедегі жолды кесіп өткен.

Ол көліктерге қарай жүгіріп, өзін зорлағалы жатқанын айтып, айқайлаған, - деп атап өтті "Астана" телеарнасы.

Оқиғаның куәгерлері әйелді тыныштанжыруға да батылы бармапты. Өйткені ол баласына бірнәрсе істеп қоя ма деп қатты қорқыпты. Ал оқиға орнына жеткен полиция әйелді психиатриялық диспансерге, ал сәбиді ана мен бала орталығына жеткізді.

Қазір отбасы баланы ауруханадан алып шыққан. Қазір екеуі де (ана мен бала) дәрігерлердің бақылауында.

Айтпақшы, сол күні басқа ауданда тағы бір 30 жастағы қалалық келіншек көше бойымен жалаңаш жүрген. "Нудист" келіншекті бұрын психиатрлар емдегені белгілі болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?