Атырауда КамАЗ астына түсіп, өлмек болған ер адамға қатысты полиция түсінік берді
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Желіде тараған видеода ер адам полиция қызметкерлеріне пышақ сілтеп, қорқытып, содан кейін жүк көлігінің астына түскені көрінеді. Қазіргі уақытта зардап шеккен адам дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полицияның мәліметінше, оқыс оқиға 25 шілдеде болған.
Тәртіп сақшылары 1988 жылғы жергілікті тұрғын өз-өзіне қол салмақшы болғанын айтады.
Ол асхана пыша,ымен өз мойнын жарақаттады. Полиция қызметкерлері ер адамды тоқтатуға тырысып, жан-жақтан қаумалағанда ол сол маңнан өтіп бара жатқан КамАЗ-ға жүгіріп, астына түсті. Ол ауруханаға жатыр. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары қолға алынды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адам дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.
Облыстық ауруханаға ер адам тізе қақпағының жабық сынығы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы шетінің сынығы, мойын аймағының бірнеше рет кесілген жарасы диагнозымен жеткізілді. Атырау облысы ДСБ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript