Қарағандыда көшеде жалаңаш жүрген ер адамға қатысты полиция түсінік берді
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
20 сәуірде әлеуметтік желіде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаштанған екі адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды қаласының орталығында бір адам шалбарын шешсе, Теміртау қаласында белгісіз ер адам көшеде жалаңаш күйінде жүргені анықталды.
Полиция қызметкерлері видеодағы екі азаматтың жеке басын анықтады. Олар 54 және 27 жастағы, бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған азаматтар болып шықты.
Полиция хабарламасында қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатқаны нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript