Елімізде пневмонияға шалдығушылардың саны күрт кеміді

29 Қыркүйек 2020, 10:50
Сурет: depositphotos.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы 29 қыркүйектегі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, одан бір адам қайтыс болды және 16 адам емделіп, жазылды.

1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға байланысты тіркелген мәліметтер: 32 500 жағдай анықталды, қайтыс болғандар саны - 351, пневмониядан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 27 073.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 38 дерегі тіркелді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?