Елімізде пневмонияға шалдығушылар саны аяқ-астынан көбейіп кетті

Shutterstoc, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 16:38 Shutterstoc
Кеше ғана, 29 қыркүйекте бір тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы анықталған еді, ал бүгін бұл көрсеткіш 300-ге жуықтаған.

Денсаулық сақтау министрлігі 30 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға байланысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы тіркелді, одан 2 адам қайтыс болды, ал 96 адам емделіп, ауруынан сауықты.

1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты мынандай фактілер тіркелді: анықталған жағдайлар - 32 799, кісі өлімі - 353, аурудан емделіп, жазылғандар саны - 27 169.

Кеше ғана, 29 қыркүйекте бір тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы анықталған еді, ал бүгін бұл көрсеткіш 300-ге жуықтаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: