Елімізде пневмонияға шалдығушылардың саны күрт кеміді
depositphotos.com
28 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 38 дерегі тіркелсе, ал бүгінгі мәлімет бойынша, бұл ауру түрінің 10 жағдайы ғана анықталған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы 29 қыркүйектегі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, одан бір адам қайтыс болды және 16 адам емделіп, жазылды.
1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға байланысты тіркелген мәліметтер: 32 500 жағдай анықталды, қайтыс болғандар саны - 351, пневмониядан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 27 073.
28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 38 дерегі тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript