Алматы облысында бір қыз телефонның кесірінен қайтыс болды

29 Қыркүйек 2020, 12:14
Сурет: anews.com

Алматы облысында 15 жасар қыз қайтыс болды. Оны ұялы телефоны қосылған электр тогы соққан деп болжайды мамандар, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте кешкі сағат он шамасында болды.

Алматы облысы ПД хабарлауынша, бұл Жамбыл облысы, Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған.

Электр тоғының салдарынан 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды. Қыз баланың токққа қосулы ұялы телефонын ұстап отырғаны, сол кезде оның мерт болғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап өтті полициядағылар.

Бұл фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?