Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында асфальтты жерге жая салған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2020 20:51 видеодан кадр
Осыған ұқсас жағдай жуырда Маңғыстау облысында тіркелген еді.

Түркістан облысында топырақ бетіне асфальт төсеген компания ел алдында ұятқа қалды. Жол жөндеп жүрген жұмысшылар зауыттан жаңа шыққан асфальтті қалай болса, солай жер бетіне жая салған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Үшқайық ауылдық округі Теке елді мекеніне келе жатыр, міне, битумы жоқ, асфальті төсеп келе жатыр. Артынан катогі тегістеп, басып келе жатыр".


Видео авторының сөзінше, бұл - Кентау қаласына қарасты, Үшқайық ауылдық округінің аумағы екен. Жұмысшылар видеоға түсіріп жүрген азаматты көре сала, сасқанынан жұмысты уақытша тоқтата салған.

"Көріңіздер, міне, қасында битумның бөшкесін қойып қойған. Бірақ, бұл жерде су. Мынау су сеуіп жатыр. Мына ХОВО мынаны төгіп жатыр".

Белгілі болғандай, жұмыс облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүзеге асып жатқан. Бірақ, жауапты мекеме немесе жеке компания басшылығы тарапынан әзірге ресми жауап болған жоқ. Сондықтан, видео авторы өз сауалын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жолдады.

"Құрметті Өмірзақ Естайұлы! Міне, сіздің тапсырған тапсырмаларыңыз бойынша ақша ысырапсыз жаратылып жатыр. Мына жерде "Әзірет жол құрылыс" деген компания не битумы жоқ, не басқа жоқ жол төсеп жатыр қазіргі таңда".

Еске сала кетейін, осыған ұқсас жағдай жуырда Маңғыстау облысында тіркелген еді. Түпқараған ауданына қарасты Аташ ауылындағы көшелердің біріне мердігер газ құбырының үстінен асфальт төсеп кеткен болатын. Кейінен, бұл жәйт әлеуметтік желіде браз талқыланып, ақырында, асфальті қайта алуға мәжбүр болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: