Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған баланы аман алып қалды

belnovosti.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2019 21:46 belnovosti.by
Жылына осыған ұқсас 3-4 жағдай тіркеледі.

Түркістан облысының дәрігерлері бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен төрт жасар баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев мәлімдеді. Үйінде қараусыз қалған балғын терезенің алдына шығып, тордан құлап кеткен.

Ес - түссіз жағдайда ауыр халде жедел жәрдемнің көмегімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген баладан бас миының соққысы, бас миының шайқалуы, бастың көптеген жарақаттары, жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының соғылуы және денесінде көптеген жарақаттар алғаны анықталған. Науқас бір айдан астам ауруханада жатқан.

“Бала ауыр халде түсті. Тек төртінші тәулікте ол өзіне келді. 20 күнге жуық реанимацияда жатты. Жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп, бала аман қалды. Ем оң нәтиже беріп, аяққа тұрды. Ата- анасы дән риза. Негізі бізде жылына осыған ұқсас 3-4 жағдай тіркеледі. Барлық жағдайда дәрігерлер балаларды аман алып қалды. Мұндай оқиғалар әсіресе жаз мезгіліндебалаларды қараусыз қалдырғанда болады", - деді Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нүсқабаев.

Дәрігердің айтуында, баланың жоғарғы қабаттан құлап кету жайттарының барлығы бір біріне ұқсас. Үйде жалғыз қалған сәби терезеге ұмтылып, төменге құлап кетеді. Дені 2-5 жас аралығындағы балалар болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: